Жаңалықтар

ШҚО-дағы 13 ауданда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

ШҚО-дағы 13 ауданда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
Фото: ШҚО ТЖД 30.09.2024 07:26 363

Шығыс Қазақстан облысындағы 13 ауданда су тасқынының алдын алу үшін 55 шараны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде бірқатар шара қолға алынған.

Облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда оның 7-сі орындалды, 2-уі Алтай ауданында, 2-уі Зайсан ауданында, 2-уі Катонқарағай ауданында және 1-уі Риддер қаласында. 

«Зайсан ауданында Шалқар ауылында 1200 метрлік қорғау бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді. Катонқарағай ауданындағы Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түбін тереңдету, арнасын тазарту және Коробиха ауылындағы Бұқтырма өзенінде ұзындығы 400 метр жағалауды нығайту бойынша жұмыстар аяқталды», - делінген ақпаратта.

Алтай ауданы Соловьева ауылдық округі Маяк ауылының Орталық көшесіндегі ұзындығы 800 метр су бұрғыш арық тазартылып, ұзындығы 5000 метр Вторушка және Маслянская өзендерінің арнасы тереңдетілген.

Сондай-ақ, Алтай ауданының Богатырево ауылында ұзындығы 100 метр бөгет жөнделіп жатыр. Березовка өзенінің арнасы тазартылды және Соловьево ауылындағы ұзындығы 1000 метр бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға