Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан төрт адам бақилық болды

ШҚО-да жол апатынан төрт адам бақилық болды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 02.02.2025 23:48 118

ШҚО-да жо апатынан төрт адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі жол апаты 1 ақпан күні «Күршім-Қалжыр» тасжолында болғанын мәлімдеді. Оқыс оқиға кезінде Lada Granta және Hyundai Santafe маркалы автокөліктері өзара соқтығысқан көрінеді. 

Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп жазылған ШҚО ПД таратқан ақпаратта. 

Бұл орайда тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алыс жолда барынша абай болу қажеттігін қаперге салып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға