Жаңалықтар

ШҚО-да жоғалған қыз табылды

ШҚО-да жоғалған қыз табылды
Фото: © Polisia.kz 09.11.2023 13:00 1131

ШҚО-да жоғалған қыз табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, 7 қарашада Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған. Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, үйіне оралмаған. Ұйымдастырылған  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады.

Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған. Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барып қайтатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне түнейтінін айтып, сұранған, кейіннен телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Үйге оралғысы келмеген.

Орналасқан жері анықталғаннан кейін қыз бірден анасына барып, үйіне қайтарылды. Оның өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне ештеңе қауіп төндірмейді. Полицейлер онымен осындай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті, – деп атап өтті Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға