ШҚО-да төрт бала суға батып кете жаздады
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
10.06.2024 23:39
790
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында төрт жасөспірім суға батып кете жаздады. Мектеп жасындағы балалар Бұқтырма су қоймасында шомылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар ересектердің қарауынсыз қалған екен. Оларға ТЖМ құтқарушылары дереу көмекке келді.
Құтқарушылар Нұржан Жолжақсынов құтқару шеңберінің көмегімен 2011 жылы туған баланы судан алып шыққан. Оның әріптестері Әсет Тұрсынов пен Саян Ерназ 2008, 2012 және 2010 жылы дүниеге келген жасөспірімдерді қайықпен жағаға жетуге көмектескен.
Айта кетейік, құтқарушыларға оқиға куәгерлерінің бірі көмекке келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға