Жаңалықтар

ШҚО-да та ішінде аттан құлап мертіккен қыз баланы ауруханаға тікұшақпен жеткізді

ШҚО-да та ішінде аттан құлап мертіккен қыз баланы ауруханаға тікұшақпен жеткізді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 23.07.2023 11:49 1021

Шығыс Қазақстан облысында орман тау арасында аттан құлап, есінен танған  қыз баланы құтқарушылар тікұшақпен алып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына  жедел ұшып барғанын мәлімдеді. Оқыс оқиға кезінде 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз жатқан. 

Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағайдағы аудандық ауруханаға жеткізді.

Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті туристерге қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді. Оқыс жағдай орын алғанда «112» нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға