Жаңалықтар

ШҚО-да су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді

ШҚО-да су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді
Фото: ТЖМ 08.03.2024 20:36 786

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы жағдай тұрақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдар жалпы ұзындығы 258,3 км 242 канал мен арықтарды, 952 су өткізу құрылыстары, 202 көпір тазартылды. 201,096 мың текше метр қар шығарылды.

Жағдай қиындаған жағдайда ЖАО мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күші мен құралдарының 2400 астам адамнан тұратын топтамасы, 740 жуық бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 230 жуық мотопомпалар қалыптастырылды.

Су тасқыны салдарын жою және халықты эвакуациялау үшін ШҚО ТЖД-да 26 бірлік жол талғамайтын техника бар.

Облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын халықты уақытша орналастырудың пункті анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға