ШҚО-да су басу қаупіне жол берілмеді
7 сәуірде ШҚО жедел штабының кезекші пультіне Алтай ауданы Богатырев ауылының тұрғыны қоңырау шалып, тұрғын үйді су басқанын хабарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына Алтай ауданының әкімі, ШҚО ТЖД, коммуналдық қызметтердің мамандары жеткен. Белгілі болғандай, Бұқтырма өзенінде жер асты суларының көтерілуіне байланысты 2 тұрғын үйді ішінара су басқан.
ШҚО ТЖД және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен 68303 әскери бөлім қызметшілері су бұру және аумақтарды үйіп тастау бойынша жұмыстар жүргізді. Барлығы жеке құрамның 47 адамы және 10 техника жұмылдырылған.
Қазіргі таңда су деңгейі төмендеуде. Елдімекенге қауіп жоқ.
Облыстық ТЖМ мәліметінше, мұндағы екі үйде 4 адам тұрады. Олар эвакуациядан бас тартқан және қазіргі уақытта туыстарының үйіне орналасқан.
Қазіргі уақытта ауылда суды бұру және аумақтарды үйіп тастау бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кезекшілік ұйымдастырып, бекеттер қойды. Бір күн бұрын облыста қатты жылыну салдарынан дауыл туралы ескерту жарияланды. Тәулік бойы 112 жедел желісі жұмыс істейді,-деді ведомстводағылар.