Жаңалықтар

ШҚО-да шетелдіктердің келгені туралы хабарламағандар айыппұл арқалады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді
ШҚО-да шетелдіктердің келгені туралы хабарламағандар айыппұл арқалады
Фото: gov.kz 20.10.2022 15:50 1661

ШҚО-да шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 100-ден астам адам айыппұл арқалады, деп хабарлады El.kz. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Транзиттік көлік, коммуналдық қызметтер, жатақханалар мен құрылыстар – «Заңсыз келуші» операциясы кезінде полицейлердің бақылауында болды.

ЖПІШ шеңберінде тәртіп сақшылары уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелден қонақтардың болуы туралы хабарламаларының болуын тексерді.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шарасының бір аптасында полицияға хабарламағаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын 100-ден астам шығысқазақстандық жауапқа тартылды. Солардың бірі Алтай ауданының кәсіпкері болды.

– Алтай ауданындағы ЖШС басшысы аудан аумағына ағымдағы жылы қазан айының басында шетелдік азаматтың келгені туралы хабарламаған. ЖШС-ге қатысты полиция органдарына шетелдіктің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 70 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі қабылданатын жеке және заңды тұлғалардың 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктердің келуі туралы хабарлау қажет екенін ескертеді. Ол үшін келу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық-көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі.

«Заңсыз келуші» ЖПІШ ШҚО-да 10-17 қазан аралығында өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға