Жаңалықтар

ШҚО-да шенеуніктердің атын жамылатын алаяқтар көбейіп кеткен

ШҚО-да шенеуніктердің атын жамылатын алаяқтар көбейіп кеткен
Фото: © Pixabay.com 18.12.2024 22:10 133

Шығыс Қазақстан облысында соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларының атынан фейк парақшалар ашып, түрлі сылтаумен көмек көрсетуді сұрайтындар көбейіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар негізінен қарызға ақша сұрайды немесе белгілі бір мәселелерді шешуге көмек керек екенін айтады. Бұдан бөлек, жеке деректерге қол жеткізу мақсатында абоненттердің жемқорлық туралы қылмыстарға қатысы бар екені жөнінде жалған ақпарат тарауда.

Осыған байланысты облыс әкімдігі тұрғындардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға