Жаңалықтар

ШҚО-да салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

ШҚО-да салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Фото: © El.kz 02.04.2024 08:43 874

ШҚО-дағы облыстық Ана мен бала орталығында алып сәби дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы - 6 келі 180 грамм, ал бойы - 57 сантиметр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестенің анасы перзентін табиғи жолмен босанған. 

Алып баланың анасы – 33 жаста. Жаңа туған нәресте келіншектің төртінші перзенті екен. Сәби мен анасының жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің бақылауында.

Мұндай жағдай біздің перзентханада ғана емес, жалпы республика бойынша өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, оларға денсаулық пен амандық тілейміз, - деді перзентхана меңгерушісі Жадыра Дюсупова.

Айта кетсек, нәресте - биыл орталықта дүниеге келген алғашқы алып сәби. Жыл басынан бері жарық дүние есігін ашқан ең кішкентай сәбидің салмағы -  730 грамм.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға