ШҚО-да құтқару қызметі өрттің таралуына жол бермеді

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
21.12.2024 09:47
498
Өскемен қаласында Базовая көшесінде ЖШС аумағында жеке тұрған бір қабатты ғимаратта, кеңсе үй-жайында өрт болды. Жиһаз және тұрмыстық техника жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 24 ш. м. алаңда өртті жедел сөндірді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алаяқтық жасаған ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді