Жаңалықтар

ШҚО-да құс салудан ел чемпионаты өтіп жатыр

ШҚО-да құс салудан ел чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы 11.02.2024 18:19 923

Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен өтіп жатқан ел біріншілігінің алғашқы екі күніндегі нәтижелер белгілі болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Бүркіт құсы бойынша финалдық бәсекеге таза жолдама алғандар Арман Қошкаров, Жасұлан Бүркітбай, Алан Ысқақов
түлкіге салу сайысы бойынша чемпиондықты сарапқа салады.

Ал 3-орынға Аян Сейітжанов, Ғабит Танатов, Сармат Абдулкәрімов, Сағыныш Бәйетбай, Нұрғазы Қазыбеков сынға түспек. 

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында құсбегіліктен ересектер арасындағы ХVII Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионатқа еліміздің 10 облысынан және 2 қаладан 100-ге жуық құсбегі қатысуда. Тіркеуден 61 бүркіт,21 қаршыға,14 ителгі өтті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты алғашқы жарыс күндері құсбегілеріміз үшін оңайға соққан жоқ. Дегенмен спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде 

Ал «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, сонымен бірге ҚР Спорт және туризм министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, Ат спорты түрлері орталығы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға