ШҚО-да қар құрсауында қалған 32 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
16.02.2024 14:54
773
ШҚО әкімдігінің МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғанысминінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.
Жолаушылар автобусынан Вахта автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды мәліметте.
Сонымен қатар зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі белгіленуде.
Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды