Жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін - ТЖМ

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін - ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ 06.01.2025 23:50 487

ТЖМ көшкін қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың көпшілігінде қардың биіктігі орташа көпжылдық мәндерге жуық және шамалы жоғары, қар көшкіні жағдайы тұрақты, Қазселденқорғау мамандарының бақылауында.

ШҚО күрделі қар көшкіні жағдайы қалыптасуда. Бүгінгі күні қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі 120 см. Сонымен қатар қар көшкіні жағдайына ауа температурасының жоғарылауы және қар бұрқасыны әсер етеді, - делінген мәліметте.

2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі шамамен 6665 текше метр болатын 15 профилактикалық қар көшкіні түсірілді.

Ведомство бұл кезең тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті екенін ескертіп, тиісінше қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға