Жаңалықтар

ШҚО-да қар басқан тасжолда қалған 6 адам құтқарылды

ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады
ШҚО-да қар басқан тасжолда қалған 6 адам құтқарылды
Фото: ТЖД 21.11.2022 05:40 1426

ШҚО құтқарушылары қар боранынан 6 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ТЖД-не сілтеме жасап.

Глубокое ауданында Сержиха мен кіші Уба өзендерінің түйіскен жерінде «Ниссан Патрол» және «УАЗ» автомобильдерінде 6 адам қарда қалып қойды, оның ішінде екі бала бар еді.

Құтқарушылар жолаушыларға жол талғамайтын «Трекол» көлігімен келді. Олар төрт ересек пен екі баланы қар құрсауынан эвакуациялап, Өскеменге жеткізді.

ШҚО ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Синоптиктердің болжамдарын мұқият қадағалап, бұқаралық ақпарат құралдарында және «Дармен» мобильді қосымшасында ТЖ қызметінің арнайы хабарламаларына немқұрайлы карамау қажет.

Елді мекендерден тыс жерлерге шығып, автокөлікті трос, алғашқы көмек қобдишасымен, азық-түлік қоры және шай құйылған термоспен, фонарьмен және телефонға арналған зарядтағышпен жабдықтау қажет. Ұйықтау қапшықтарын немесе жүннен жасалған көрпе алыңыз. Көлікте қосалқы доңғалақ, домкрат, баллон кілті, жөндеу жинағы, апаттық тоқтау белгісі болуы керек. Мұндай құралдар жиынтығы сізге және басқа жүргізушілерге көмектесе алады, бұл төтенше жағдайларда өте маңызды.

ТЖ қаупі туындаса 112 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға