ШҚО-да полиция өңірдің ең батыл қызын марапаттады

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиын барысында Өскемен қаласының 11 жастағы тұрғыны Диана Асатова марапатталды. Жасөспірім қыз шын мәнінде ерлік пен қайсарлық танытты.
2024 жылдың 8 наурызында “Торпедо” хоккей мектебінің тәрбиеленушісі жаттығуға бара жатқан кезде белгісіз ер адам оның телефонын тартып алып, қашып кетпек болған. Бұл оқиға жәбірленушінің батыл әрекетімен де ерекшеленді. Диана еш сасқан жоқ, табандылық танытып, күдіктінің соңынан жүгіріп, смартфонын қайтаруға тырысты.
Алайда қылмыскерден қауіп төнгенін аңғарған ол жағдайды дұрыс бағалап, бірден көмекке жүгінуді жөн санады.
Күдікті сол күні “ізін суытпай” ұсталды. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жас спортшының әр кезеңде табандылық пен батылдық танытқанын атап өтті. Ол сенімді түрде түсініктеме беріп, оқиғаның барлық егжей-тегжейін нақты айтып берді, тіпті оның суыққандылығы мен өзін-өзі ұстауына ересектердің өзі таңғалуы мүмкін.
Бүгін мен Диана Асатоваға шынайы ризашылығымды білдіремін. Ол біздің облыстың ең батыл қызы, ал оның әрекеті зор құрметке лайық. Алайда мұндай қасиеттер жанұяда қалыптасады. Сондықтан ерекше алғысымды оның анасы – Ксения Сергеевнаға білдіремін. Дәл анасының тәрбиесі қызын осындай қайсар, батыл тұлға етіп өсірді, — деді өңірдің бас полицейі.
Сондай-ақ күдіктіні жедел ұстаған патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды. Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында қылмыскер лайықты жазасын алды. Құқық қорғау органдарының өкілдері осындай батыл, әділ және бейжай қарамайтын балалар мен өз ісіне адал полиция қызметкерлері – еліміздің болашағы екеніне сенімді.
