ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын эвакуацияланды
![ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын эвакуацияланды ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын эвакуацияланды](/storage/storage/element/2025/01/01/mainphoto/136224/1200xauto_3gFIyvy37WZqYWGcrQBKdd90T1vfiPtDRBgl8h0W.jpg)
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
01.01.2025 04:29
730
Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтердің балконында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт 4 шаршы метр аумақта өшірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және қауіпті жағдайларды болдырмауға шақырады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)