Жаңалықтар

ШҚО-да орташа айлық 18 пайызға өсті

ШҚО-да орташа айлық  18 пайызға өсті
Фото: © ОКҚ 30.11.2023 12:45 1043

Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі жыл қорытындысы бойынша 3 пайыз өсіммен 4,4 триллион теңгеге жетеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ермек Беделбайұлының сөзінше, өнеркәсіп өндірісінің қарқыны – 9 пайызға, ауыл шаруашылығы – 5 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестиция – 7 пайызға, бөлшек тауар айналымы 8 пайызға артады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болды. 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Орташа айлық 18 пайызға өсті, ол 305 мың теңге. Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 420 миллиард теңге салық түсті. Биыл облыс бюджеті 496,4 миллиард теңгені құрады, - деді әкім.

Сондай-ақ Ермек Көшербаев облыстың өнеркәсіп саласында 1007 кәсіпорын бар екенін атап өтті.

Салада жалпы 47 мың адам жұмыс істейді. Республика өнеркәсіп өнімінде облыс үлесі 5 пайызды құрады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға