ШҚО-да өрт қауіпсіздігіне қатысты балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
![ШҚО-да өрт қауіпсіздігіне қатысты балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді ШҚО-да өрт қауіпсіздігіне қатысты балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді](/storage/storage/element/2025/02/09/mainphoto/141761/1200xauto_02EQQpz86QTNQZLrPYb8f2i7mdPCFRTlq4MQFI45.jpg)
ШҚО-да ТЖМ мамандары мектептерде сабақтар өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр оқушыларға «өрт үйшігін» көрсетіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың және отқа немқұрайлы қараудың қаншалықты қауіпті екенін көрнекі түрде түсіндірді.
Жылу беру маусымы басталғалы бері ШҚО ТЖД мамандары облыс мектептерінде 140-қа жуық дәріс өткізіп, 8000-нан астам баланы қамтыған интерактивті сабақтар ұйымдастырды.
Балаларды оқыту барысында біз шығармашылық көзқараспен қараймыз, оларды қызықтырып, ең бастысы, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауын қамтамасыз ету үшін мультфильмдер, бейнероликтер және осындай сабақ форматтарын қолданамыз, - деп атап өтті Анастасия Скляр.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)