ШҚО-да нәресте ауруханаға ТЖМ тікұшағымен жеткізілді

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
06.02.2025 20:08
463
Жаңа туған нәресте медициналық мекемеге ҚР ТЖМ тікұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, ШҚО-да ауа райының күрделі жағдайлары мен жолдардағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты, сондай-ақ кішкентай пациенттің асқынуларын болдырмау мақсатында ведомствоның әуе кемесі жұмылдырылды.
Қазавиақұтқару ұшқыштары Асхат Құдабаев пен Арман Айбусинов санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен сәбиді Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл тасымалдауды жүзеге асырды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы ана мен бала орталығына аман-есен жеткізілді, онда олар мамандардың бақылауында, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 50 электр трансформаторы ауыстырылды
Келесі жаңалық
Футзалдан Қазақстан құрамасы Ереван қаласына жетті