Оқиға ШҚО-ның Шемонаиха қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаладағы тұрғын үйдің ауласында монша мен шаруашылық ғимаратындағы 80 шаршы метр ауданда өрт болды. ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге барлығы 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, өртке пешті орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болды.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі мәселесіне мұқият болуды сұрайды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды