Жаңалықтар

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан екі адам ұсталды

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан екі адам ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.08.2023 12:43 1047

ШҚО-ның екі тұрғыны ұсақ малды ұрлады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті полиция бөліміне Глубокое ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны бір бас ұсақ малы ұрлағаны туралы арызбен жүгінген.  Жәбірленуші белгісіз адам қоршалған қашаға кіріп, құны 60 мың теңге болатын ақ түсті қошқарды ұрлап кеткенін айтқан.

Оқи отырыңыз:

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 32 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде жоғарыда аталғандар өз кінәсін мойындады. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.  Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігімен (Мал ұрлау) қылмыстық іс қозғалды, - деді полициядан.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.  Күдіктілерді мүліктерін тәркілеумен, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға