ШҚО-да кәмелетке толмағандар ұрланған автокөлікпен жүрген
ШҚО-да кәмелетке толмағандар ұрланған автокөлікпен жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында профилактикалық рейд жүргізу барысында ювеналды полиция қызметкерлері ауыл көшелерінің 17 жастағы жасөспірімнің басқаруындағы ВАЗ-2106 автокөлігін тоқтатқан, көлік ішінде оның кәмелет жасқа толмаған екі досы болған.
Тексеру барысында аталған көлікті жасөспірімдер ауыл аулаларының бірінен айдап кеткені анықталды.
Сонымен қатар олар бұған дейін бірнеше сағат бұрын тағы бір Chevrolet Nexia ұрланған автокөлікпен жүрген, аталған көлік иесі полицияға жүгінген.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жасөспірімдер ата-аналарының бақылауына берілді.