Жаңалықтар

ШҚО-да ішімдік ішіп көлік басқарған әкім жол апатына ұшырады

ШҚО-да ішімдік ішіп көлік басқарған әкім жол апатына ұшырады
Фото: © Pixabay.com 02.11.2023 17:31 927

Шығыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп шыққан ауыл әкімі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 1 қарашада болған. Алтай ауданындағы ауылдардың бірінің әкімі қызметтік Chevrolet Niva көлігімен ауладағы тұрақта тұрған ВАЗ 21099 көлігіне барып соқтығысқан. Жол-көлік апаты Алтай қаласында болған.

Сот материалы бойынша, тәртіп бұзушы өз кінәсін мойындап, жол апаты кезінде масаң күйде болғанын растады.

Сот жаза ретінде оны 20 тәулікке қамап, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға