Жаңалықтар

ШҚО-да фельдшер өзіне жалған жүктілік анықтамасын жасаған

ШҚО-да фельдшер өзіне жалған жүктілік анықтамасын жасаған
Фото: pixabay.com 16.08.2024 13:32 579

Шығыс қазақстан облысында фельдшер өзіне жалған жүктілік анықтамасын жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманың ресми құжатын қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады. Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.

Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - делінген хабарламада.

Сот Қ.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына соттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға