ШҚО-да элеватордағы өрт сөндірілді

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
08.03.2024 13:00
803
ШҚО-да астық сақталатын элеваторда болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 12:30-да сөндірілді.
Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған.
Өрттің ауданы 120 шаршы метр.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы, ТЖД және «Васкен» ЖШС қатысты, - делінген мәліметте.
Өрттің алдын ала себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға гүлдер қай елдерден жеткізіледі
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды