ШҚО-да бірқатар бағытта жолдар ашылды

Фото: t.me/qazavtojol
Фото: t.me/qazavtojol
12.11.2024 09:07
395
Шығыс Қазақстан облысында 12 қарашада сағат 08:00-де бірқатар жолда көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, мына автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:
- «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1123-1191 шақырымы аралығы (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
- «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 шақырымы аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін);
- «Өскемен-Риддер- РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте АӘК алушылар саны азайған
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды