Жаңалықтар

ШҚО-да әжелерге арналған ескерткіш орнатылады

ШҚО-да әжелерге арналған ескерткіш орнатылады
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 16.05.2024 07:34 324

Өскемен қаласында әжелердің құрметіне арналған алғашқы "Әже" монументалды ескерткіші орнатылады. Бұл туралы "Әжелер алқасы" облыстық форумында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отбасы күні қарсаңында Өскемен қаласында ақ самайлы әжелердің қатысуымен облыстық форум өтті. Естеріңізге сала кетейік, өңірде ардагерлер алқасының жанынан "Әжелер алқасы"кеңесі құрылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтып өткендей, әжелердің отбасы институтын нығайтуға қосатын үлесін ескеріп, оларды бағалауымыз керек.

Біздің ақсақалдарымыз – қоғамның қазынасынасы, әр үйдегі жас буынға жол сілтер парасат пен даналықтың тірегі, ал әжелеріміз – ұлтты тәрбиелеген ошақ қасы, шаңырақты сақтаушы. Барлық аналар мен әжелерге құрмет көрсете отырып, біз Өскеменде "Әже" монументалды ескерткішін орнатамыз,- деді өңір басшысы.

Форум соңында облыстың қоғамдық өміріне үлес қосқан аға буын өкілдері «ШҚО құрметті ардагері» төс белгілер табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға