Жаңалықтар

ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты
Фото: pixabay.com 09.07.2024 15:02 642

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне, тағы 4 тұрғын боррелиоз ауруына шалдықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің бақылауындағы боррелиоз бен энцефалитке шалдыққан науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Арнайы вакцина салынған соң, амбулаториялық режимде ем қабылдауға жіберілді.

Аймақта биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан.

Дәрігерлер зиянды жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгінбесе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға