ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.06.2023 17:10
955
Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге тыйым салынған, - делінген ақпаратта.
Ведомство өкілдері, күдіктінің неше жаста екенін де айтпады. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында болған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі валюта бағамы қандай?
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы