ШҚО-да 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылды
Фото: Өңірлік коммуникациялық қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялық қызметі
10.07.2023 11:55
937
ШҚО-ның Күршім ауданындағы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарының арасында күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылды. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, апат салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнында ластанған топырақты қазу жүріп жатқанын айтты. Ең жақын су көзі шамамен бес шақырым жерде орналасқан.
Оқи отырыңыз:
Әкімдік мәліметінше, жергілікті тұрғындар оны пайдаланбайды. Дегенмен мамандар қышқылдың төгілуіне байланысты ластанудың болғанын анықтау үшін бұлақтан су сынамаларын алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балмұздақтан уланып қалмас үшін не істеу керек?