ШҚО-да 12 мың шаршы метр алаңда жарылыс жұмыстары жүргізілді

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
19.03.2025 09:05
310
ШҚО-да жарылыс жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, су тасқынын қауіпсіз ету мақсатында Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылындағы Бұқтырма өзенінде 12000 шаршы метр алаңда жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Аталған ауданда өзендегі мұздың қалыңдығы 60 сантиметрді құрайды.
Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген қар суы мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Балаларды буллингтен қалай қорғаймыз