ШҚО бойынша Экология департаментінің басшысы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, 2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы ұсталған.
Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді. Лауазымды тұлға мен Компания басшысы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, - делінген мәліметте.
Тергеу жалғасуда.