Жаңалықтар

ШҚО аумағында жер сілкінісі сезілді

ШҚО аумағында жер сілкінісі сезілді
Фото: © El.kz 10.02.2024 15:45 770

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркелді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл. Жағдай тұрақты. Зардап шеккендер мен қираулао туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізуде. ТЖМ азаматтарға сабырлы болып, дүрбелеңге бой алдырмауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға