Жаңалықтар

ШҚО әкімі Риддердегі мәселені екі күнде шешуге уәде берді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов апатқа станса қожайының өз міндетіне үстірт қарауы себеп екенін айтты
ШҚО әкімі Риддердегі мәселені екі күнде шешуге уәде берді
08.11.2022 04:41 1146

24 қазанынан бастап Риддердің Жылу электор орталығындағы апаттаан кейін, тұрғындар жылусыз отыр, деп хабарлайды El.kz.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов апатқа станса қожайының өз міндетіне үстірт қарауы себеп екенін айтты.

ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын тексермеген болып шықты, ал оған су араласқан екен.

Қалаға 100 күнге жететін мазуттың жаңа партиясы жөнелтілді. Бірақ 31 қазанда апат тағы қайталанды. Бұл жолы - жоғары қысымдағы қазандықтың бірі істен шықты.

Риддерліктердің үйінде жылу да ыстық су да жоқ. Барлық қажетті қызметтер осында жаппай жұмылдырылды. Бірақ мәселені әлі күнге дейін толыққанды шешу мүмкін болмай жатыр.

облыс әкімі Даниал Ахметов Жылу электор орталығы 9 қарашада толыққанды іске қосылатынына уәде етілді.

Оның айтуынша, қазір электр станциясында екінші қазандық жұмыс істеп тұр. 7 қарашадан бастап біріншісіне де отын салынып жатыр. Сондай-ақ, апат кезінде мамандар алтыншы қазандықтан ақау тапты. Дәнекерлеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Риддерде төтенше жағдай жарияланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға