Шошқалы көлінде тазалық маусымы өтті
Абай облысының Бесқарағай ауданының Шошқалы көлінде аудандық жастар орталығының қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза жағалау» шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тазалық шарасына 50-ге жуық адам қатысты. Акцияның мақсаты – көл жағасын қоқыстан тазартып, санитарлық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлықты насихаттауға бағытталған. Акцияға қатысушылар пластик ыдыстарды, шыны, қағаз және металл қалдықтарын жинау жұмыстарын жүргізді. Барлық жиналған қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.
Акцияға қатысқан жастар туған жердің тазалығына өз үлестерін тигізіп, уақыттарын пайдалы өткізді деп ойлаймын. Бұл шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Бесқарағай аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Арыстан Сабыров.
Айта кетейік, акция жыл сайын өткізіліп, нәтижесінде 2 тоннаға дейін түрлі қоқыс шығарылады.