Жаңалықтар

Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады

Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 14.03.2025 19:26 224

Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан  әлем чемпионатында аралас командалық эстафетаның (2000 м) ширек-финалдары аяқталды. Өкінішке қарай,  командалық эстафетада қазақстандық спортшылардың жолы болмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Канада, АҚШ, Жапониямен бірге жарысқан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады. Команда сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті. 

Жарысты Нидерланды, Италия, Канада, АҚШ командалары жалғастырады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға