Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов ширек финалға шыға алмады

05.02.2022 19:45
1224
Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықта жарыс жолын аяқтады. Ол 1:24:855 уақыт нәтижесімен өз тобында үшінші орын алып, келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлады 24.kz.
Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен шорт-тректен жарыс басталды.
Қазақстаннан алғашқы болып 1000 метр қашықта сынға түскен Әділ Ғалиахметов аталған қашықтықты 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болды.
Бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткіліксіз болды. Енді шамалы уақыттан кейін шорт-тректен аралас эстафетадан жарыстар басталады.
Онда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова қатарлы спортшылар мұз айдынға шығады.
baq.kz
Бөлісу:
