Шомылу маусымы басталғалы 30 бала суға кеткен
Фото: unsplash
Фото: unsplash
11.07.2024 16:15
742
1 маусымда елімізде шомылу кезеңі басталғалы 70 адам суға батып кетті, оның 30-ы — балалар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді.
Былтыр 83 адам суға кетіп қайтыс болған. Биыл суға кеткен баланың саны өткен жылмен салыстырғанда көп, - деді Ақылбек Ахметжанов.
ТЖМ өкілінің айтуынша, суға кеткен балалардың дені қараусыз қалған немесе рұқсат етілмеген жерде шомылған.
Оның айтуынша, судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылады. Жыл басынан бастап жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын 9 мыңға жуық хаттама толтырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты