Шоколад қорабына орап елге есірткі кіргізбек болған ресейлік азамат ұсталды
Фото: Қостанай облысы полиция департаменті
Фото: Қостанай облысы полиция департаменті
25.07.2023 17:07
757
Полиция қызметкерлері "Қайрақ"шекара бекетінде ресейліктен Kinder тосын сыйына тығып қойған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, "Қарасора 2023" жедел алдын-алу шарасы аясында "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан Kinder тосын сыйына салып өткізбек болған.
Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. "Сізде тыйым салынған заттарбар ма?",-деген сұраққа ер адам "иә" деп мойындады. Есірткі заттары қайда тұрғанын сұрағанда, ол ішінде үш грамм марихуана болған Kinder тосын сыйын берді, - деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қазіргі уақытта екі бап бойынша - ҚР ҚК 286 "Контрабанда әрекеті", сондай-ақ ҚР ҚК 296-бабы "Есірткі құралдарын сақтау"бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі "Қарасора" жедел алдын-алу шарасы басталғаннан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілегенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қор нарығында доллар қайта арзандады