Жаңалықтар

«Шөбімді өртеп жіберді». Инспектор қарт әйел мен баласын соққыға жықты

«Шөбімді өртеп жіберді». Инспектор қарт әйел мен баласын соққыға жықты
Фото: © Shutterstock.com 16.01.2024 10:48 1171

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер қарт әйел мен оның баласын ұрып тастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратта соққыға жығылғандар Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылының тұрғындары екені айтылады.

Тұрғындардың мәліметінше, ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы мас күйде көлік жүргізіп келіп, қарт әйел мен оның ұлын ұрған. Мемлекеттік қызметкер оларды шөбімді өртеп жібердіңдер деп айыптаған. Оқиғаны облыстық полиция да растап отыр.

ШҚО ПД күдіктіні ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза кесілді, - дейді ведомство.

Мемлекеттік қызметкер жәбірленушілерді өз ақшасына емдететін болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға