Шиповских Жас парламентшілердің жаһандық конференциясына қатысты
Сенатор Геннадий Шиповских Жас парламентшілердің парламентаралық жаһандық конференциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Жас парламентшілердің парламентаралық жаһандық 9-конференциясына қатысты.
Сенатор басқа елдерден келген әріптестерімен бірлесе отырып цифрлық трансформация және инновация арқылы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетудегі жастардың рөлі туралы мәселелерді талқылады.
Конференцияға қатысушылар сонымен қатар инновациялар мен стартаптарды ілгерілету саласындағы институттар мен саясатты жетілдіру және технологиялық өзгерістер мен жаһандану кезеңінде мәдени алуандықты құрметтеуді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.