Жаңалықтар

Шілдеде дүниеге келгендер ерекше қабілетті болады

Шілдеде дүниеге келгендер ерекше қабілетті болады
Фото: Коллаж El.kz 11.07.2023 17:00 1640

Байқасаңыз әлемге әйгілі тұлғалар мен өнер адамдарының біразы шілде айында дүниеге келген. Олардың өмір жолы мен қызметі көпшілікке білгілі болғанымен, беймәлім ерекше қырлары да аз емес. Олар кімдер?

Көбі шығармашылыққа бейім

Шілде айында дүниеге келгендердің  көпшілігі шығармашылыққа, өнерге жақын келеді. Солардың бірі – ұлы британдықтардың тізіміне енген Диана ханшайым. Ол да өнерге жақын болған. Бос уақытында музыка және бимен айналысқан. Бірнеше аспапта ойнауды меңгерген.

Бұл тізімде шілде айының жиырма бірінші жұлдызында дүниеге келген белгілі америкалық жазушы Эрнест Хэмингуэй де бар. «Шал мен теңіз»,  «Мұхиттағы аралдар», «Шыңдықтың нышандары» секілді шығармаларымен әлемнің сүйікті жазушысына айналған қаламгер 1954 жылы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Әйгілі «Гарри Поттер» шығармасының авторы Джоан Роулинг те шілде айында дүниеге есігін ашқан. Ол әлемдегі балалар әдебиетіне жаңа леп әкелген, балалар шығармасының анасы ретінде танымал жазушы.

 «Поле чудес» бағдарламасы арқылы ТМД елдеріне кеңінен танылған Леонид Якубович те шілде айында туғандар қатарында. 90 жылдардың соңында халықтың ең сүйікті жобасына айналған «Поле чудес» бағдарламасының идеясын құрушысы және үйлестіруші, кейін жоба жетекшісіне айналды. Сонымен қатар, журналистика саласындағы алар орны ерекше тұлғалардың бірі.

Шілде айында дүние есігін ашқан жандардың қатарында белгілі әнші Селена Гомес, Дженнифер Лопес және Голливудтың танымал актерлері Том Круз, Том Хэнкс, Арнольд Шварценеггер мен Сильвестр Сталлоне бар. Олардың шығармашылығымен дүниежүзі таныс.

Шілде дүниеге келген президенттер   

6 шілде күні Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген.  Тұңғыш президентті де шығармашылықтың адамы десек артық емес. Назарбаев 2006 жылы қабылданған екінші Әнұранның мәтін авторы ретінде гимнді өңдеу жұмыстарына қатысып, сөздерін жазған. Сондай-ақ, 1999 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Тұңғыш Президент өзінің туып өскен өлкесі Шамалған ауылындағы Үшқоңыр бөктеріне арнап «Үшқоңыр» әнінің сөздерін жазған. Сондай-ақ, белгілі «Елім менің» әнінің мәтін авторы. Әндердің мәтінің жазып қана қоймай, ән салып, домбыра шертеді.

Дәл осы күні АҚШ-тың 41-ші Президенті Джордж Бушта дүние есігін ашқан. Кіші Буштың көп адамдар білмейтін бір хоббиі – сурет әлемі. Ол үй жануарларының суретін салғанды ұнатқан, әсіресе өзінің екі мысығы мен итінің суретін жиі салатын болған. Сонымен қатар, Германияның сегізінші канцлері Ангела Меркель, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр мен Ресей Президенті Владимир Путиннің де портретін салған. Бұл тізіммен шектелмей, ол әлемге белгілі саяси тұлғалардың портретін жиі салып отырған.

Жұлдыз жорамалы – шаян

21 маусым мен 22 шілде аралығында дүниеге келген адамдар жұлдыз жорамал бойынша шаян белгісіне жатады.

Жоғарыда көргеніміздей шаян белгісінде өмірге келген жандар шығармашылық пен өнерге бейім келеді. Олардың ішкі жан дүниесі бай. Шаян – ең адал, сезімтал адамдар.

Шаяндар айналасындағыларға шынайы мінезін көрсетпеуге тырысып, сабырлы әрі ұстамды болып көрінгісі келеді. Алайда онысы әрдайым іске аса бермейді. Себебі, шаяндардың уайымшыл болғаны сонша, оны жасыру мүмкін емес.

Шаян ерлер – жайлылықты ұнатады және өзіне қолайлы жағдай жасауға тырысады. Сонымен қатар олар үнемшіл келеді, ысырапшылыққа жол бермейді. Сырт көзге мұндай адамдар сараң болып көрінгенімен, олар шығындарын барынша бақылауда ұстайтын адамдар. Шаян ерлер ұсақ-түйек нәрселерге күш-қуатын жұмсай бермейді және барынша талпынып, бар күшін сарп ететін сәттері де сирек. Десе де діттеген мақсатына жете біледі.

Шаян әйелдер – мінезі жұмсақ әрі салмақты көрінгенімен, олардың көңіл-күйі құбылмалы және тез ренжиді. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген әйелдер үшін жақындары мен достарының қолдауы аса маңызды. Олар тамаша ана, адал жар бола біледі. Сонымен қатар, «әйелдер достығы» деген ұғым да олар үшін бос сөз емес.

Шаяндар қызба мінезді емес, десе де мінезі жиі құбылады. Кейде себепсіз ренжіп, ашуға бой алдыруы мүмкін. Бірақ лезде сабырға келіп, болған жайтты тез ұмытады. Шаяндармен араласқан кезде оның міне-құлқына айдың фазалары әсер ететінін де есте ұстаған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға