Жаңалықтар

Шиелілік отбасыларға 1520 гектар жер бөлінді

Шиелілік отбасыларға 1520 гектар жер бөлінді
Фото: gov.kz 07.08.2023 07:34 1143

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл Шиелі ауданының тұрыңдарына жоспардан тыс 1520 гектар қосымша жер дайындалып, 1390 отбасына үлестірілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның ішінде 520 гектар жерге тамшылатып суару әдісі арқылы көкөніс,  бақша дақылдары егілді.

Жыл басынан бері сауда орындарында жасанды баға көтеру фактілерін болдырмау үшін азық-түлік жеткізуші кәсіпкерлер арасында бағаны ұстап тұру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. "Нұр"," Арсен", "Аян"," Қайсар", "Береке" және "Қазына" ірі сауда нысандарымен, тағы басқа дүкендермен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Бүгінде өнімдерге сұраныстың өсуі, өнім жетіспеушілігі байқалмайды.

Сондай-ақ, ауданның экспорттық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауарларын сырт елдерге экспортқа жөнелту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы мамыр айында Қырғызстанға 20 тонна ақ күріш, Ресейге 421 тонна қарбыз, 275 тонна қауын, 330 тонна қызанақ экспортталды.

Сонымен қатар, Астана, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Жезқазған қалаларына 18 500  тонна ақ күріш, 1 200 тонна қарбыз, 13 400 мың тонна қызанақ, 3 800 тонна қауын және 22 000 тонна жоңышқа жөнелтілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға