Жаңалықтар

Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды - Бас прокурор

Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды - Бас прокурор
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.05.2023 12:20 891

Активтерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов атқарылған жұмыс бойынша есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Тұтастай алғанда бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 миллиард теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар бар, - деді Берік Асылов.

Оның айтуынша Жоғарғы сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерді де кері қайтарды.

Бас прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Мысалы Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды. Басқа жағдайда Жоғарғы Соттың қаулысы астаналық «Думан» қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 миллиард теңге өндіріп алуға мүмкіндік берді, - деді бас прокурор.

Бұдан басқа, соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырған. Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар.

Сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды, - деді Берік Асылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға