Жаңалықтар

«Шетелге тапсырыс беруге мәжбүрміз». Смайылов теңіз порттарының мәселесін көтерді

«Шетелге тапсырыс беруге мәжбүрміз». Смайылов теңіз порттарының мәселесін көтерді
Фото: © Pixabay.com 12.12.2023 17:17 2399

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметте еліміздегі су көлігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Әлихан Смайылов жаһандық жүк айналымының 60 пайыздан астамы және бүкіл сауданың 80 пайызы су көлігіне тиесілі екенін атап өтті.

Биыл  еліміздің теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып-тиеу көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, шамамен 6,5 млн тоннаны құраған.

Порттарды жан-жақты дамыту үшін     келесі жылдың соңына дейін     Құрықта,     ал 2025-шы жылы     Ақтауда     теңіз түбін тереңдету жұмыстары аяқталады. Бұл     ірі тоннажды кеме қатынастарына     мүмкіндік береді. Жалпы, теңіз порттарымыздың әлеуеті     өте жоғары. Олар арқылы     қазіргіден 3 есе көп жүкті     ауыстырып-тиеуге болады. Сондықтан,     елдегі инфрақұрылымның мүмкіндіктерін     барынша тиімді пайдалану үшін     талапқа сай келмейтін жерлердің бәрін ретке келтіру қажет, - деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов кемелердің, әсіресе паром тапшылығын шешу үшін шетелге тапсырыс беруге мәжбүр екенімізді атап өтті.

Алғашқы паромдардың құрылысы     алдағы жылы басталады. 2027-ші жылы     олардың санын 4-уге жеткізу     жоспарланып отырмыз. Өкінішке қарай,     Қазақстанда     кеме жасайтын зауыт жоқ. Оны салу мәселесін тездетіп қарап,     инвестор тарту үшін     шешім қабылдау қажет. Сонымен қатар,     теміржол тораптары мен     порттарға дейінгі     кірме жолдарды кеңейту мәселесі де     өзекті болып отыр. Жүктерді рәсімдеуге қатысты     сұрақтар бар. Аталған проблемаларды шешу мақсатында     тиісті ақпараттық жүйе (Calipso)     енгізілген болатын», - деді Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға