Жаңалықтар

Шетелге оқуға балаларым ел көрсін деп түстім – Тимур Бектұр

Шетелге оқуға балаларым ел көрсін деп түстім – Тимур Бектұр
Фото: instagram.com/timurbektur 06.11.2023 12:40 1129

«Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы Бостон университетінде оқып жатқан блогер, танымал IT маманы Тимур Бектұр «7010» подкастына берген сұхбатында шетелге оқуға балалары еркін ойлы болуы үшін түскенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол балаларының Гарвардта оқуын армандайды екен.

Жалпы отбасылы адамдардың өмірі «Мен көрмеген елді балам көрсін. Мен жетпеген жетістікке балам жетсін. Мен алмаған білімді балам алсын» деген мотивациядан тұратын секілді. Мәселен, Маңғыстаудың Жетібайынан шыққан сауатсыз, жалқау, ағылшын тілін әрең үйренген менің өзім АҚШ-тың ең үздік оқу орындарының бірі – Бостон университетінде оқып жатсам, мектепті Америкада оқыған, бастауыш сыныпта ағылшынша үйреніп алған, қазақтардың өзгелерден еш жері кем емес екенін өз көзімен көрген балаларым күндердің күнінде Бостондағы ең үздік университ – Гарвардта оқыса деген арманым бар. Бірақ америкалық еркін тәрбиені көрген балалар ғой. «Гарвард – сіздің арманыңыз ғой. Біз қайда оқитынымызды өзіміз білеміз» деп қоятындары да бар. Ең бастысы, ел көріп, жер көріп, тіл үйреніп, басқаша ойлануды сіңірсе болғаны. Сосын жүрегі қазақ деп соқса деймін, - деп айтты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға