Жаңалықтар

"Шетелге көшеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні елден кететінін айтты

"Шетелге көшеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні елден кететінін айтты
Фото: instagram.com/indi_maulenova 21.11.2023 17:20 4916

Жақында кенже ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні шетелге көшетінін мәлім етті. Заңғар Нұртас пен кіші келіні Индира жұмыс бабына байланысты қоныс аудармақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келіннің бір-екі күн шайын іштім. Бірақ толық жанында болмадық. Алла қаласа, келді ғой енді. Бірақ олар жақында шетелге көшпекші. Жұмыстары біткесін келіп қалар деп отырмыз, - деді Гүлзира Айдарбекова. 

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова кіші келініне 10 мың доллар қалың мал бергенін жазған едік. Тойдан соң продюсер демалыс үшін Кипр аралына демалысқа кеткені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға