Жаңалықтар

Шетелдік сарапшылар не дейді?

Шетел сарапшыларының пікірі
18.01.2016 05:52 3881

Парламенттегі үш партиялық фракция өкілдерінің мерзімінен бұрын Мәжіліс сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын өткізу жөніндегі бастамасы халық арасында үлкен резонанс тудырып, жан-жақты қолдау тапқаны белгілі.  Бұл бастамаға халықаралық қоғамдастықтың да назары ауып отыр. Шетел сарапшыларының пікірін топтап ұсынып отырмыз.  

Шетелдік сарапшылар не дейді?

Асим МОЛЛАЗАДЕ, Әзірбайжан Республикасының Милли Меджилисінің депутаты:

Бұл шешімді Парламентте таныстырылған барлық партиялардың ұсынуы өте орынды. Қазақстанға әлемде болып жатқан экономикалық жағдайлар әсер етіп отырған жағдайда Парламенттегі мерзімінен бұрын сайлау өткізу мемлекеттік жүйесін нығайта түседі. Әзірбайжан тұрақты, гүлденген Қазақстанға қызығушылық танытып отыр. Қазақстандағы мерзімінен бұрын сайлау өткізу мемлекеттік биліктің нығаюына аылп келеді деп ойлаймыз.

Шетелдік сарапшылар не дейді?

Ариэль КОЭН, Энергетика, табиғи ресурстар мен геосаясат орталығының директоры (АҚШ):

Әлемде жүріп жатқан дағдарыс ешкімге оңай тиіп тұрған жоқ. Мұнай мен табиғи байлықтардың бағасы құлдырап, тіпті Ресей, Австралия, Оңтүстік Африка, Канада мен Бразилия сияқты елдерге кесірін тигізіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның жаңа Парламент құрамын жасақтап, мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы нағыз қолдауға тұрарлық. Қазақстан онсыз да жаһанның көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда өзіндік өрлеу қарқынымен танылып келеді. Меніңше, ол осы бағытынан жаңылмай, алдағы онжылдықтарда әлі талай биіктерге жететініне бек сенімдімін.

Шетелдік сарапшылар не дейді?

Вардан БОСТАНДЖЯН, Ереван Мемлекеттік Университетінің профессоры:

Мен Қазақстанда жүргізілетін реформалардың табысты жүзеге асатынына кәміл сенемін. Неге дейсіз ғой. Арменияда бәрі Нұрсұлтан Назарбаевты өз елін дұрыс жолмен алға жетелеп келе жатқан дана басшы ретінде қатты құрметтейді. Ал төменгі палата депутаттары сайлауын мерзімінен бұрын сайлау және оларды жергілікті мәслихат сайлауымен қатар өткізу мәселесіне келер болсақ, мен мұны өте дұрыс шешім деп санаймын. Елді жаңғырту, жетілдіру жағдайында жаңа, соны күштер қажет, реформаторлық көзқарас, сындарды идеялар қажет. Ал ол үшін сайлау өткізу керек. Мен, 3 партия фракциясы 5-шақырылымдағы төменгі палатаны таратып жіберу туралы ұсынысты Ел президентіне дер кезінде жасады деп санайтынымды айтқым келеді.

Шетелдік сарапшылар не дейді?

Рихард ШЕНЦ, Австрия федералды экономикалық палатасы президентінің орынбасары:

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу қазіргі таңда өте дұрыс шешім болып тұр. Бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс өршуде. Мұнай мен газ бағасы төмендеп кетті. Жаңа реформалар қажет. Тек жаңа Парламент қана Президент қойған мақсаттарды орындай алады. Бұл сайлау Қазақстанның жаңғырып, алға қарай жылжуына сеп болады.

Дэвид М.ВАЛЕРА, экономикалық сарапшы (АҚШ):

Парламент ұсынысы дер кезінде жасалып отыр. Қазақстанда парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өтуі мүмкін екендігі туралы хабар Нью-Йорктің іскерлік орталарында да қызу талқылануда. Экономикалық сарапшылар бұл ұсынысты дер кезінде жасалған және өте дұрыс шешім деп санайды. Еліміздегі бұл мәселенің өрбу барысы әлемнің жетекші компанияларының кеңселері орналасқан атақты Рокфеллер-орталығының да назарынан тыс қалған жоқ.

Бұл мәселеде барша қазақстандықтардың ең дұрыс, ең тиімді және ең ақырғы шешім қабылдай алатын Президент Назарбаевтың не айтатынын күтіп отырғаны да белгілі. Қазақстан экономикасының ахуалына мұнай бағасының деңгейі мен Ресейге қарсы санкциялар да тікелей ықпал етеді. Ал егер соңғы онжылдықтар ішінде сіздердің Президенттеріңіздің талай-талай қиын жағдайлардан елді аман-есен алып шыққанын ескерер болсақ, біз бұл жолы да солай болатынына сенімдіміз. Мен, сондай-ақ, Қазақстанның жақында өте күрделі сынақтардан   абыроймен өтіп, ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болғанын атап өткім келеді. Бұл – біздің ел үшін үлкен жеңіс. Сондықтан, ел экономикасының қайта жақсаруы аз ғана уақытты талап ететін мәселе деп сеніммен айта аламын.


Дереккөз: bnews.kz

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға