Жаңалықтар

Шетелдік туристер Қазақстанда 2,6 млрд доллар жұмсаған

Шетелдік туристер Қазақстанда 2,6 млрд доллар жұмсаған
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 18.04.2025 23:10 501

Ұлттық банк мәліметі бойынша, алыс шетелден келген бір шетелдік туристің Қазақстанға сапары кезінде орташа шығындары 1200-ден 1500 АҚШ долларына дейін жетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы шетелдік қонақтардың ел аумағындағы жалпы шығын көлемі 2,6 миллиард доллардан асты.

Шетелдік туристердің ең көп шығыны мына елдердің азаматтары арасында тіркелген:

Қытай – 307 миллион доллар

Германия – 56 миллион доллар

Түркия – 53 миллион доллар

АҚШ – 47 миллион доллар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға